Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі

10 Қаңтар 2023, 14:48
1163
Бөлісу:
Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі

Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өндіріс Алматының Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан. Онда 32 жастағы ер адам жұмыс істеді. Ол – “химик”, орауыш және көтерме саудамен айналысатын адамның қызметтерін атқарды.

Жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексерілді және расталды. Бірнеше ай бойы “өндіруші” зертхана жұмысын реттеп, онда синтетикалық мефедрон препаратын жасады. Белгілі болғандай, Б. есімді азамат жұмыс берушінің желідегі онлайн нұсқауларын орындады. Куратор оған қажетті шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, зертханалық жұмыстарды үйретті. Химик-есірткі сатушы қосалқы бөлмесі бар жеке үйді жалға алды: есірткі зертханасын қораға орналастырды, бас ғимаратта өзі тұрды. Күдікті қылмыстық ұсынысқа жомарт еңбекақының арқасында қызығушылық танытқанын айтады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Есірткі сатушы арнайы іс-шара барысында ұсталды. Есірткі зертханасы жойылды. Тінту кезінде ол жерден прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері табылды. 

Тәркіленген шикізаттың жалпы салмағы 100 келіні құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еске салайық, бұған дейін ЕҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық бизнестің сыбайластарының бірі 33 жастағы С.есімді азаматты ұстаған болатын. Оның көлігінен 85 бума мефедрон және марихуана табылып, тәркіленді. Анықталғандай, синтетикалық есірткіні күдіктінің өзі жасайды. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық құрал-жабдықтар мен 15 келіден астам синтетикалық есірткі табылды және тәркіленді, – деді Аханов. 

Сондай-ақ спикер қазіргі уақытта қылмыстық саланың басқа да байланыстарын орнатуға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы