Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

14 Наурыз 2023, 15:52
743
Бөлісу:
Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Фото: Polisia.kz

Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Оқиға 14 наурыз күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналарының соқтығысуынан болған. 

Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен трассасының 159 шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан. 

Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Жапон иномаркасында болған 68 жастағы әйел қаза тапты. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы