Алматы орталығындағы құрылыс тоқтатылды

4 Желтоқсан 2019, 14:40
8347
Бөлісу:
Алматы орталығындағы құрылыс тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы құрылыс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 29 қазанында қаланың дамуы туралы өткен кеңейтілген кеңес барысында Алматының орталық бөлігінде тығыз құрылыс салуға тыйым салу жөнінде тапсырма берген еді. Осыған орай, Назарбаев даңғылының шығысына, Қабанбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан мекенжайдағы көпфункционалды тұрғын кешенінің құрылысы тоқтатылған болатын, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қала әкімдігі жобалық рұқсат құжаттарды кері қайтару жөнінде ескерту қағаз жібергендерін мәлімдеді.
Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңының негізінде бекітілген заңға сәйкес бұрын берілген жобалық рұқсат құжаттарды кері қайтару жөнінде ескерту қағаз жіберді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы