Алматы облысының үш елді мекенін су басты

9 Ақпан 2021, 15:16
1612
Бөлісу:
Алматы облысының үш елді мекенін су басты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының 3 елді мекенінде ауа температурасының жылынуынан, жауын-шашын, қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елді мекенде су толып, жеке тұрғын үйлердің 40 аула аумағы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД күшімен және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды және орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорылды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеді, – деді ТЖМ ресми өкілі. 

Алматы облысының үш елді мекенін су басты

Қазіргі уақытта арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Су басқан жерлерде барлығы Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары 67 қызметкер, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылған. 

Алматы облысының үш елді мекенін су басты

ҚР ТЖМ азаматтардан су тасқыны қаупі бар кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, аула аумақтарына іргелес арық желілерін қар мен қоқыстан уақытылы тазартуды сұрайды.

Алматы облысының үш елді мекенін су басты

Өзгелердің жаңалығы