Алматы облысының тұрғыны балаларына 4,5 млн теңге қарыз болған

14 Қыркүйек 2021, 16:38
4681
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғыны балаларына 4,5 млн теңге қарыз болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алимент ерте ме, кеш пе толық төленуі керек. Алматы облысының тұрғыны, ер жеткен екі баласына 4,5 миллион теңгеден астам қарыз болған. Үлкені 19 жаста, кішісі екі айдан кейін кәмелетке толады, - делінген хабарламада.

Жеке сот орындаушысы Айдын Елтай борышкермен әңгімеде алимент төлеуден жалтару қаупі туралы ескертті және ер адамға атындағы жерді өз бетімен сатуға кеңес берді.

Мүлікті сатқан ер адам қарызды толығымен өтеді, ал бұрынғы әйелі істі орындаусыз қайтару үшін жеке сот орындаушыға өтініш жазды. Осылайша, тағы бір проблемалық алименттік іске нүкте қойылды.

Өзгелердің жаңалығы