Алматы облысының тұрғындары сусыз қалды

19 Желтоқсан 2023, 12:14
1077
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғындары сусыз қалды

Алматы облысы Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімдігінің айтуынша, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырынан ақау шыққан.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. «BeyAzh Trans» компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде бұны «жемқорлықтың субұрқағы» деп атап кетті.

Өзгелердің жаңалығы