Алматы облысының дәрігерлеріне 2,89 млрд теңге үстемақы төленген

15 Тамыз 2020, 07:15
1478
Бөлісу:
Алматы облысының дәрігерлеріне 2,89 млрд теңге үстемақы төленген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы Алматы облысының медициналық ұйымдарына наурыз-маусым айларында 3,43 миллиард теңге төледі. Бұл туралы "Jetisy media"-да өткен брифинг барысында белгілі болды.

Бөлінген қаражат медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеуге, стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикаға, сондай-ақ, амбулаторлық-емханалық көмек деңгейіндегі ПТР-диагностикаға бағытталған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Отарғалиевтің айтуынша, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу сомасының едәуір артуы байқалады. Бұл көрсеткіш шілде айында 1,52 миллиард теңгені құраған.

Республикалық бюджет қаражатынан Алматы облысының медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 2,89 миллиард теңге бөлінді. Ай сайын коронавирус инфекциясы бойынша 1447-ден 5362 қызметкерге үстемеақы төленеді, - деді Нұрлан Отарғалиев.
Бұл ретте, өңірде науқастарды емдеуге 3455 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы