Алматы облысының 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталды

10 Ақпан 2022, 08:00
1331
Бөлісу:
Алматы облысының 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу өңірінде диспропорцияны қысқарту және халықтың табысын арттыру мақсатында дамудың басым бағыттары айқындалып, Іс-қимыл жоспары дайындалды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сүйенсек, аймақтың 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталған. Оған жалпы құны 2,8 трлн. теңге болатын, 19 мың жұмыс орнын құратын 289 жоба енгізілген. 

Аудандарды біркелкі дамыту үшін жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 94 жоба Талдықорған өңіріндегі жобалар пулына іріктеліп алынды, соның негізінде 6200 жұмыс орны ашылып, кадрлар даярлау ұйымдастырылады. 

2025 жылға дейінгі инвестициялық портфельде агроөнеркәсіптік кешен, минералды шикізаттар өндіру мен өңдеу, туризм, жол-көлік транзиті сияқты әлеуетті салалардың жобалары бар. 

Облыстың инвестициялық бағдарламаларын толық іске асырудың нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 5%-тен кем болмайды және 35 мыңдай тұрақты жұмыс орны және шағын және орта бизнесте 75 мыңдай жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы