Алматы облысындағы қонақ үйден 26 жастағы әйелдің денесі табылды

26 Сәуір 2023, 16:01
693
Бөлісу:
Алматы облысындағы қонақ үйден 26 жастағы әйелдің денесі табылды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz деректеріне сүйенсек, 20 сәуір сағат 14:25 шамасында Алматы облысының ПД-ға Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен 26 жастағы азаматшасының мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі - "Кісі өлтіру"бойынша Қарасай ауданының СДТБТ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 34 жастағы П. есімді азамат ұсталды. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы