Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап кетті

10 Сәуір 2022, 14:31
2166
Бөлісу:
Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап, көлік жүргізушісі мерт болды.  Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.

9 сәуірде сағат 15.30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданы, Черкасай шатқалында «Газ-66» автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты, 1990 жылы туған азамат жарақат алды, - делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы