Алматы облысында болған ірі жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін қиды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Алматы – Жандосов – Бесмойнақ бағытындағы автожолда орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Жүргізуші басқаруды жоғалтып, көлігімен қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Кедергіге соғылып, содан кейін көлік аударылып кеткен, – деп нақтылады ведомство.
Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір полиция оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апаттың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.