Алматы облысында заңсыз ішімдік өндіріп келген зауыт анықталды

21 Мамыр 2021, 00:37
1617
Бөлісу:
Алматы облысында заңсыз ішімдік өндіріп келген зауыт анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарасай ауданында арақты заңсыз өндірген зауыт анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

19 мамырда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу басқармасымен бірлесіп, арақты заңсыз өндіру фактісін анықтаған.

Қарасай ауданындағы зауытта «Наша Водка» арағының 14 мың бөтелкесі (0,5 литр) және 3 мың 300 литр спирт анықталды. Кәсіпорын 10 мың 300 литр арақты заңсыз өндірген, – деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы