2026 жылғы 12 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан №14 түзеу мекемесінде қылмыстық әрекет ұйымдастырған қылмыстық топтың 10 мүшесіне қатысты үкім шығарды.
Анықталғандай, 2022-2024 жылдар аралығында аталған мекемеде жазасын өтеп жүрген жекелеген сотталғандар тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, психологиялық қысым көрсету және күш қолдану арқылы басқа сотталғандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасаған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері басқа сотталғандардан жүйелі түрде ақша бопсалап отырған. Алынған қаражат банк карталарына және Kaspi мен басқа да мобильді қосымшалардағы өздерінің бақылауындағы шоттарға аударылған. Талаптарын орындаудан бас тартқан жәбірленушілер ұрып-соғуға, қорлауға және өзге де дене күшін қолдану түрлеріне ұшыраған.
Аталған көпэпизодты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеруді Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары ҚР ҚК-нің 262, 194 және 190-баптары бойынша жүргізді.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушылардың әрекеттерінің заңға қайшылығын толық дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінтағылған айыптардың барлық тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.