Алматы облысында тауда аяғын жарақаттаған Франция азаматы құтқарылды

Зардап шегуші Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

 Скриншот 29 Қыркүйек 2026, 04:27
29 Қыркүйек 2026, 04:27
123
Фото: Скриншот

Алматы облысының Қарасай ауданында Қаныш Сәтбаев шыңынан түсіп келе жатқан Франция азаматына құтқарушылар көмек көрсетті.

1974 жылы туған ер адам 4317 метр биіктікте таудан түсу кезінде аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары барып, зардап шегушіні қауіпсіз жерге түсірді. Кейін ол ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Франция азаматы Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Наверх