Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты

9 Сәуір 2024, 13:27
310
Бөлісу:
Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты
Фото: скриншот

Алматы облысындағы елді мекендер мен жолдарды су басу жағдайы тіркелмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Жауын-шашын көп жаууына байланысты Алматы облысында жалпы көктемгі су тасу кезінде 35 үйдің ауласын асу кірген. Бірақ су сору жұмыстары уақытылы атқарылған.

Алматы облысында үлкен-кіші, ірілі су қоймалары бар. Атап айтатын болсақ, ең үлкені Қапшағай, Күрті, Бестөбе сияөты ірі су қоймаларын толтыру сияқты ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні толтырылу көрсеткіштері 44%-дан 99%-ға дейін. 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі 2024 жылғы 30 қаңтарда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Тиісті су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін облыс әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №18 «2024 жылы халықты, шаруашылық объектілерін және олардың ықтимал залалын азайту мақсатында ықтимал қар көшкіндеріне, су тасқынына, сел тасқынына дайындық туралы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы шығарылды. Қаулы шеңберінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар өткізіліп жатқан «2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» мен «Алматы облысының аумағында 2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді, - деді Нұржан Құдайбергенов.

Өңірде жыл басынан бері елді мекендерден 3,7 мың м3 қар шығарылған.

Арық желісінің 347 км (481 бірлік), 156,9 км (119 бірлік) арналар, автожолдардың астындағы 157 бірлік су өткізу құбырлары, Темір жолдардың астындағы 7 бірлік су өткізу құбырлары және 82,1 км су бұру каналдарының құрылысы тазартылды. «Көктем-2024» РКШЖ аясында 6 су тасқыны қаупі бар учаскелерде (Қарасай ауданындағы Кемертоған, Көксай, Райымбек, Қырғауылды, Дружба саяжайы және Абай ауылдары) 1,8 шақырым арықтар/каналдар, 35 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылып, 150 м3 қар шығарылды, нәтижесінде су азайтылды, - деді спикер.

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға биылғы жылға облыс әкімдігінің резервінде 2 млрд.16 млн. теңге қаралған. Аумақтық ТЖД-не алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 110,6 млн.теңге бөлінген.

Су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда жалпы саны 1326 адам, 471 бірлік техника, 126 мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары, 35 460 қапшық қарастырылған облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының топтамасы құрылды. Сондай-ақ, 2024 жылдың су тасқынына дайындық барысында «Су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жоспарын» іске асыру аясында 2023 жылдың екінші жартыжылдығында жергілікті бюджеттен 700 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарының 12-і елді-мекендерінде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылды және тазартылды. Одан бөлек, 435 шақырым арық-канал жүйесі тазартылып, қайта жаңартылды, - деді Нұржан Құдайбергенов.

Өзгелердің жаңалығы