Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыстан табылды

4 Қараша 2024, 11:13
825
Бөлісу:
Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыстан табылды
Фото: Видеодан скриншот

Белгісіз біреулер мемлекеттік рәміздермен бірге колледж құжаттарын қоқысқа тастаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видео Талғар ауданындағы Еркін ауылында түсірілген.

Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Полиция мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талғар аудандық полициясының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел шараларды қолға алды. Кінәлі деп танылғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады,- деді деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Талғар ауданының әкімдігі қоқыс полигонының Қайнар ауылдық округіндегі жекеменшік аумақта орналасқанын айтты.

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қоқыста тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мемлекеттік рәміздермен бірге колледж құжаттары табылды. Рәміздер қоқыстан шығарылды. Жою жұмыстары мемлекеттік ту мен рәмізді ауыстыру және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі, – деді Талғар ауданының әкімдігі.

Өзгелердің жаңалығы