Ұйғыр ауданының полиция бөліміне 32 жастағы ауыл тұрғыны өзіне тиесілі 13 бас элиталық малды ұрлау туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы шығын 4 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде 26 қаңтарда үш күдікті анықталды. Олар 34, 30 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Ұсталып, қамауға алынды.
Ұрлық фактісі "Алдын ала келісім бойынша адамдар тобы жасаған ірі көлемдегі мал ұрлығы" бабы бойынша тіркелді. Ұрланған малдың бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды, қалғаны ізделуде.