Алматы облысында карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

6 Қыркүйек 2021, 14:54
7940
Бөлісу:
Алматы облысында карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 14 сәуірінен облыс аумағында «Ashyq» жобасы іске қосылды. Бұл пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмыс істеуіне жеңілдік берді. 

Қазіргі кезде өңірде 8 265 нысан жоба арқылы өз қызметтерін жалғастыруда. «Аshyq» жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтар 4 376 нысанды қамтыды. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 994 нысан анықталды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1 867 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебе 1 507 келушіде, «сары» мәртебе 621 келушіде анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарында, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында 2 975 340 теңге сомасына 68 әкімшілік жаза қолданылды. 

«Ashyq-тағы» көрсеткіштер аймақта әлі де эпидахуалдың оңалмағандығын айқындап отыр. Соңғы тәулікте 279 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. 

Қазіргі кезде коронавирустан қорғану мақсатында екпенің І компонентімен 690 743 мың адам егілді, вакцинаның екінші бөлігін 574 047 тұрғын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы