Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

2 Қазан 2024, 23:44
259
Бөлісу:
Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – дейді полициядан.

Бұл - Алматы облысында табылып, көзі жойылып отырған он үшінші есірткі зертханасы.

Өзгелердің жаңалығы