Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

2 Желтоқсан 2023, 09:17
554
Бөлісу:
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелермен бірлесіп “Құқықтық тәртіп” республикалық операциясын жүргізу кезінде есірткінің ірі партияларын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастырды. Үй-жайларды тінту кезінде 3 тонна прекурсор (есірткі өндіру және дайындау кезінде пайдаланылатын заттар), зертханалық құрал-жабдық (реактор, шыны колбалар) және 55 келі мефедрон психотроптық затының дайын өнімі тәркіленді.

Семей полицейлері Алматы қаласының, Абай және Алматы облыстарының аумағында есірткіні өткізу бойынша интернет-дүкен ұйымдастырған Алматы қаласында тұратын 4 тұрғынға қатысты ұзақ мерзімді тексеру операциясын аяқтады. Іс-шара бір мезгілде Алматы және Семей қалаларында жүргізілді. Тінту барысында 8 есірткіні буып-түю материалдары, ақшалай қаражаттар мен ноутбуктер тәркіленді. Жүргізілген операцияның қорытындысы бойынша интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ұсталды.

Қарағанды облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сотталғандарға сәлемдемелер арқылы есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды.

Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласында ұзақ уақыт бойы ірі көлемде героин жеткізумен және өткізумен айналысқан 63 жастағы тұрғынды ұстады. Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде полиция заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілік препараттың таблеткасы тәркіленді.

 

Өзгелердің жаңалығы