Алматы облысында екі аңшы жоғалып кеткен

22 Қаңтар 2024, 18:25
363
Бөлісу:
Алматы облысында екі аңшы жоғалып кеткен
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

2024 жылғы 20 қаңтар күні сағат 21:15 минутта Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Балқаш ауданы Миялы ауылының маңында «Дәулет» шаруа қожалығынан 2 адам белгісіз бағытта аң аулауға шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздеу жұмыстарына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері шықты. Сағат 22:00-де жоғалған азаматтар шаруа қожалығынан шығыс бағытта 25 шақырым жерде табылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД-ның 10 қызметкері мен 4 техникасы және жоғалған азаматтардың туыстары жұмылдырылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтарға қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Дауыл туралы ескертулер туралы қысқа SMS-хабарлама алған жағдайда үйден, оның ішінде шаруа қожалықтарынан шықпауға тырысыңыз, дайындықсыз алыс жолға шықпаңыз. Көлігіңіз үшін қысқы дизельді пайдаланыңыз. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін, - деп ескертті ТЖД қызметі.

Өзгелердің жаңалығы