Алматы облысында дүниеге келген үшемге үй берілді

2 Желтоқсан 2021, 11:20
1733
Бөлісу:
Алматы облысында дүниеге келген үшемге үй берілді

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақши ауылында тағы бір жағымды жаңалықпен жалғасты. Ақши ауылының ортасынан «Дәулет - Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді.

Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса ҚР Президентінің жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Үшемнің есімін Мәлика, Мәдина, Мүслима деп қойған ата-анасы, ендігі балаларым жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жанұядағы тағы 4 бала Ақши ауылының № 8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысты.

Өзгелердің жаңалығы