Алматы облысында биыл бейбіт шеру өткізуге қанша өтінім түскені айтылды

19 Қазан 2021, 17:13
7588
Бөлісу:
Алматы облысында биыл бейбіт шеру өткізуге қанша өтінім түскені айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов Бейбіт шеру өткізу жөніндегі заң облыста қаншалықты іске асып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, Алматы облысында бейбіт шеру мен акциялар өткізетін арнайы 22 орын және 20 бағыт белгіленген.

Биыл облыста бейбіт жиын өткізу бойынша 55 өтінім келді. Оның ішінде пикет өткізу жөнінде 33, қалған 22-сі митинг, жиналыс өткізуге арналған. Аудандар бойынша: Талғарда – 26, Талдықорған қаласында – 19, Көксу, Алакөл, Іле аудандарында - 2-ден, Ескелді, Сарқант, Кербұлақ, Қарасай аудандарында – 1 өтінімнен түскен ,- дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол митинг өткізу бойынша түскен өтініштердің 28 пайызы жерді шетелдіктерге сатуға қарсылық сипатында болғанын, 19%-ы жер, тұрғын үй, газдандыру мәселесі жөнінде, 16%-ы құқыққорғау органдарының жұмыстарына, өндіріс, кәсіпорын жұмыстарына қатысты наразылық, сондай-ақ вакцина салу кезінде қарсылық таныту бойынша да өтінімдер келіп түскенін жеткізді.

Бейбіт шеру бойынша келіп түскен өтінімдердің көпшілігі уақытылы немесе талап етілген ережелер сақталмағандықтан кері қайтарылды. Оған қоса эпидемиялық жағдайға байланысты санитарлық қаулы негізінде, яғни Алматы облысының көптеген аумағы «қызыл» аймаққа кіргендіктен митинг өткізуге тыйым салынды, - деді Есдәулетов.

Сонымен қатар ол жұртшылықтың арыз-шағымын тыңдап, онымен жұмыс істегендіктен кейбір митинг өткізбекші болғандар өтінімдерін кері қайтарып алғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы