Алматы облысында бір топ жасөспірім екі ер адамды соққыға жыққан

1 Желтоқсан 2023, 16:09
959
Бөлісу:
Алматы облысында бір топ жасөспірім екі ер адамды соққыға жыққан
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы облысы, Шамалған ауылында бір топ жасөспірімнің 44 және 45 жастағы екі адамды соққыға жыққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі бейнероликте соққыға жығылғандардың бірі ауыр соққы алып, ауруханаға жатқызылғаны жазылған.

Видео Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған қаласынан жіберілді. Жақында бір топ жасөспірімдер екі ер адамды ұрып тастады - біреуі 44 жаста, екіншісі 45 жаста. Үлкені ауыр жарақат алды және қазір ауруханада жатыр. Ер адамдарды соқыға жыққан жасөспірімдер оқиға орынан қашып кетті, – делінген видеожазбада.

Аталған жағдайға Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

25 қараша күні Қарасай ауданының полиция басқармасына 1981 жылғы әйел шағым түсірген. Ол жолдасын белгісіз біреулердің соққыға жыққаны туралы шағымданған. Аталған деректі аудандық полиция ҚР ҚК-нің 293-бабы екінші бөлігінің 1-тармағы (бұзақылық) бойынша тіркеді. Жедел іздестіру шаралары барысында 2006, 2008 жылы туған төрт жасөспірім және 2007 жылы туған екі жасөспірім анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған деректі жан-жақты зерттеу үшін тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінде.

Өзге ақпараттар ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы