Алматы облысында балалар өзіне қол салды

16 Қаңтар 2023, 11:54
793
Бөлісу:
Алматы облысында балалар өзіне қол салды

Алматы облысында кәмелет жасына толмағандар суицид жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Басқарма мәліметінше, биыл 12 қаңтарда Қарасай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем бригадасынан 2009 жылы туған Ж. атты кәмелетке толмаған баланың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ 6 қаңтарда Е. атты жасөспірім үйінде асылып қалған. 

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы