Алматы облысында балабақшаға қатысты алаяқтық жасаған алты шенеунікке сот үкім шығарды

28 Мамыр 2024, 05:45
325
Бөлісу:
Алматы облысында балабақшаға қатысты алаяқтық жасаған алты шенеунікке сот үкім шығарды

Алматы облысы Іле аудандық соты сегіз адамға, оның ішінде облыстық білім басқармасындағы алты адамға қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы желтоқсанда сотталушылар алдын ала сөз байласуымен балабақшаларды тіркеу туралы жалған құжаттар ұсынған және олар кейіннен Қағидалардың талаптарына сәйкес деп танып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізген.

Бұдан әрі, 2023 жылғы қаңтарда Іле аудандық білім бөлімі және осы балабақшалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқан, оның шарттары бойынша олардың қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсетуге ай сайынғы төлемдер арқылы мемлекет қаржыландырған.

Осылайша Іле аудандық білім бөліміне 134 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда: шын ниетпен өкінуі, келтірілген залалды ерікті түрде өтеуі, сондай-ақ екі сотталушыда жас балаларының болуын ескерді.

Сот үкімімен екі сотталушыға – 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, төрт сотталушыға – 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және екі сотталушыға – 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы