Алматы облысында атыс болды

7 Қыркүйек 2023, 16:55
2086
Бөлісу:
Алматы облысында атыс болды

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, 7 қыркүйек күні Іле ауданынының ауруханасына төрт жергілікті тұрғын оқ жарақатымен түскен. Ауруханаға барар жолда бір адам қайтыс болған. 

Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда, - деді Бауыржан Аленов.

Оқиға тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы облысындағы оқыс оқиғаға қатысушыларды ұстады.

Өзгелердің жаңалығы