Алматы облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

11 Желтоқсан 2020, 21:48
1789
Бөлісу:
Алматы облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінді.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалары желілерінің мәліметінше, 11 желтоқсанда Алматы уақытымен 20 сағат 19 минутта жер сілкінісін тіркеді. 

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 110 шақырым жерде Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан. Сонымен қатар жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 15 шақырым. «Сезілгені туралы мәлімет - Кеген ауданы Саты ауылында 2-3 балл» екені белгілі болды.

Аталмыш департамент жер сілкінісі туралы мәлімет алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура қызметкерлерін құлақтандырды. Аумақтағы жағдай анықталуда. Әзірге қираған ғимараттар және зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.  

Айта кетейік, бүгін Алматы уақытымен сағат 4:05-те қала маңында жер сілкінісі тіркелген болатын.



Өзгелердің жаңалығы