Алматы маңында жер сілкінісі болды

11 Желтоқсан 2020, 09:51
3175
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы уақытымен сағат 4:05-те қала маңында жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалары желілері хабарлады.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 79 шақырым қашықтықта, Қазақстан территориясында тіркелді, - делінген хабарламада.

Зілзаланың энергетикалық санаты 9.0. Ал магнитудасы MPV 4.3. Сонымен қатар ошақтың координаты 43.54° с.е. 77.77° ш.б. Бұдан бөлек тереңдігі 15 шақырым. Сондай-ақ зілзаланың сезілуі туралы мағлұмат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Өзгелердің жаңалығы