Ауыл әкімдерін сайлау. Алматы облысында 279 адам ұсыныс білдірді

13 Шілде 2021, 12:17
2302
Бөлісу:
Ауыл әкімдерін сайлау. Алматы облысында 279 адам ұсыныс білдірді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына саяси партиялардан және өзін-өзі ұсыну арқылы 279 үміткер ұсынылған. Бұл туралы Талдықорғанда өңірдегі ауылдық округтердің әкімдеріне үміткерлерді ұсыну қорытындылары туралы өткен брифинг барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық айтты.

Оның айтуынша, орташа бәсекелестік деңгейі 3,9 адамнан келеді. Ұсынылған 279 үміткердің ішінде 249 - ер, 30 - әйел азамат бар. Үміткерлердің орташа жасы - 41,3 жас.

Қаһарман Жақсылықтың сөзіне сүйенсек, жалпы Алматы облысында 71 ауылдық округте әкімдер сайлауы өтеді. Бұл ретте 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады. Өз кандидаттарын ұсынған саяси партиялар қатарында «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» ХДПП, «Ақ Жол» ҚДП, «АDAL» СП, ҚХП, ЖСДП бар.

Ұсынылғандар арасында 154 үміткер - жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, 32-і - коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 70-і - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 10-ы уақытша жұмыс істемейді, 3-і - қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 6-ы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3-і ішкі істер және әскери салалардың зейнеткерлері. Арасында ғылыми дәрежесі бар кандидат та бар, - деді Қ. Жақсылық.

Биылғы 10 шілдедегі дерек бойынша 159 үміткер тіркелген (56,6%).Түрлі себептер бойынша 23 үміткер алынып тасталды, оның 16-сы талаптарға сәйкес келмейді, 7-і өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініштеріне сәйкес шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы