Алматы облысында 202,2 мың тонна ауыл шаруашылығы тұқымы себілді

12 Наурыз 2022, 14:30
2257
Бөлісу:
Алматы облысында 202,2 мың тонна ауыл шаруашылығы тұқымы себілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.

Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің болжамды алаңы облыс бойынша 974,0 мың гектарды құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,3 мың гектарға артық.

Дәнді және масақты дақылдардың алқабы 484,2 мың га. 2022 жылдың өніміне 108,1 мың га алқапта күздік дақылдар егілді, оның ішінде бидай - 100,7 мың га, арпа - 7,4 мың га, 199,3 мың га сүдігер жыртылды.

Облыс бойынша 22 аттестатталған шаруашылық жүргізуші субъект жұмыс істейді, оларға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға куәліктер берілді, оның ішінде 3 бірегей тұқым өндіру бойынша, 14 элиталық тұқым, 13 жоғары өнімді тұқым өндірушілер,-делінген хабараламада

2022 жылдың өніміне 202,2 мың тонна жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары толығымен себілді. Облыста барлығы 16,6 мың трактор бар.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Энергетика министрлігі 14 460 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді.
 

Өзгелердің жаңалығы