Алматы метросының басшысы ауысты

6 Қазан 2020, 11:29
1619
Бөлісу:
Алматы метросының басшысы ауысты

Алматы, BAQ.KZ. Айдын Оразханов Алматы қаласы «Метрополитен» КМК-нің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы аталған кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы қалалық Мобилділік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 02 қазанында шыққан. 

Айдын Оразханов «Пайдалы  кен орындарын барлау  техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, сондай-ақ, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы