Алматы мен Баку арасында тікелей рейс іске қосылды

Алматы мен Баку арасында тікелей рейс іске қосылды
347

«Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты.

Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: МСМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы