Алматы мен Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

Сағат 19:00-де тұтынушыларға енгізілген барлық шектеу толық алынды.

 depositphotos.com 14 Тамыз 2026, 21:15
14 Тамыз 2026, 21:15
98
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі электр беру желілерінде ажырату тіркелді. Соның салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар тұтынушы электр қуатынсыз қалды.

Энергетикалық жүйенің жұмыс режимі тұрақтандырылғаннан кейін электрмен жабдықтау кезең-кезеңімен қалпына келтірілді. Сағат 19:00-де тұтынушыларға енгізілген барлық шектеу толық алынды.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның жедел көшпелі бригадалары қосалқы станциялар мен электр желілерін тексеріп, жабдықтардың жағдайы мен желідегі жүктемені бақылауда ұстап отыр.

Наверх