Алматы марафоны қала сыртында өткізіле ме?

7 Желтоқсан 2023, 12:45
502
Бөлісу:
Алматы марафоны қала сыртында өткізіле ме?
Фото: almaty-marathon.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев «Алматы марафонының» халықаралық сертификаты бар екенін, сондықтан ол сол сертификатталған трассада өтуі тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің орынбасары БАҚ өкілдерінің «Алдағы уақытта «Алматы марафоны» қаланың шеткі аймағында өткізуге болмай ма?» деген сауалына жауап берді. 

Бұл сертификатталған марафон болғандықтан, біз оның орнын өзгерте алмаймыз. Себебі біз орынды ауыстырсақ, ол «Алматы марафоны» болмай қалады. Марафонның қатысушылары, жеңімпаздары әлемде танылмайды. Яғни, олар Нью-Йорк немесе Бостон марафонына қатыса алмайды, – деді қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Оның айтуынша, қала билігі мен ұйымдастырушылар марафонды тұрғындарға қолайлы болу үшін, әдетте таңертең өткізеді. Ал түске дейін қаладағы барлық жол ашылады.

Өзгелердің жаңалығы