Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті

6 Наурыз 2024, 19:49
342
Бөлісу:
Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті
Фото: polisia.kz

Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына қарасты Шамалған станциясының маңында қараусыз жайылып жүрген жылқы жүк пойызына соғылып, пойыз шұғыл түрде тоқтады. 

Аталған факт Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасының ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, Шамалған станциясы ЖПб қызметкерлері жылқының иесін анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

Нәтижесінде малдың иесі анықталып, ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларының арқасында Отар – Шамалған станцияларының аралығында жылжымалы құрамның шұғыл түрде тоқтауы былтырғы жылмен салыстырғанда 52,9 пайызға (17-ден 8-ге дейін) төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы