Алматыға жақын маңда жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нақтырақ, Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді. Оның магнитудасы - 4,3 тең, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2 сәуірде Алматыда 3,6 магнитудалы жер cілкінісі тіркелген болатын.