Алматы маңында тағы бір автобус "қорымы" табылды

6 Ақпан 2024, 13:53
8200
Бөлісу:
Алматы маңында тағы бір автобус "қорымы" табылды
VIDEO
Фото: lvina.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы тағы бір автобустар "зираты" бейнелеген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнежазбада өзін "Алматыэлектротранс" компаниясының бұрынғы қызметкері ретінде таныстырған адам Алматы қаласы әкімдігінің әлі ескірмеген жаңа автобустардың қараусыз қалдырғанын айтады. Оның айтуынша, қала маңында жиналған бұл автобустардың қолданылғанына 7 жыл болмаса да, жұмысын тоқтатқан. 

Мен "Алматыэлектротранс" компаниясында 10 жылдай жұмыс істедім. Компанияның иесі – Алматы әкімдігі. Автобустарға қарасақ, әрқайсысының бортында нөмірі бар. Мысалы борттық нөмірі 2335 деп жазылған автобусты алсақ, бұл қалаға 2018 жылы келген. "Вектор" автобусына қарасақ, 2021 жылы алынған. Бұл автобустар кем дегенде 7 жыл қызмет ету керек еді, – дейді ол бейнероликте.

Алматы маңында тағы бір автобус "қорымы" табылды

"Алматыэлектротранс" ЖШС айтылған бейнежазбаға түсініктеме берді. Компания хабарлауынша, Алматыда ауа сапасын жақсарту үшін дизельді автобустар газ және электр автобустарына ауыстырыла бастаған.

Қоғамдық көлікті экологиялық қауіпсіз ету жобасы аясында 2023 жылы Алматы әкімдігі газ отынымен жүретін 600 жаңа автобус сатып алды. Бұл ретте дизельдік автобустар қолданыс айналымынан шығып, өңірлерге жіберілетін болады. Өңірлерге автобустарды жіберу рәсімі айтарлықтай уақытты алады, осыған байланысты дизельді автобустар, сондай-ақ ескі троллейбустар Алматы облысының Қайназар кентіндегі уақытша сақтау аумағына тасымалданды, – деп мәлімдеді "Алматыэлектротранс" ЖШС.

Қазір қойма аумағында 282 техника бар: 2012 жылғы 75 троллейбус, 2017-2018 жылдардағы "ЛиАЗ" маркалы дизельді автобустар 133, 2016-2017 жылғы "Газель" маркалы дизельді автобустар 60, 2018 жылғы "ПАЗ" ("Вектор") маркалы дизельді автобустар - 14.

Өзгелердің жаңалығы