Алматы маңында ірі сауда-логистикалық хаб салынады

13 Сәуір 2023, 04:13
1135
Бөлісу:
Алматы маңында ірі сауда-логистикалық хаб салынады
Фото: primeminister.kz

Алматы агломерациясында салынып жатқан айналма теміржолы бойында ірі сауда-логистикалық хаб салу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытай тарапынан транзиттік және импорттық жүктердің үлкен ағынын ескере отырып, біз Алматы торабы өз деңгейінде жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Біз қазіргі таңда ұзындығы 73 шақырым айналма темір жол құрылысын салу туралы бастама көтердік. Ол Қазақстан-Түрікменстан-Иран (КТИ) бағыты бойынша Орта Азияға Түркіменстан мен Иранға апаратын транзиттік жүктердің өткізу қабілетін арттырады, – деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев Алматыда өткен көлік-логистика әлеуетін дамыту жөніндегі бизнес-конференцияда.

Оның айтуынша, Алматыдағы айналма теміржолы бойында ірі жаңа сауда хабын салу жоспарлануда.

Біз бұл жоба аясында бонд қоймалары, суық тізбектер (тоңазытқыш тізбегі) салынады деп отырмыз, жүк әуежайы, авто, теміржол және құрғақ порттың құрылысы да қарастырылып жатыр. Біз егжей-тегжейлі әзірленген соң техникалық-экономикалық негіздеме мен бизнес-жоспарын көрсететін боламыз. Қазір алдын ала жұмыс істеп жатырмыз және инвесторларды бұл жобаға қатысуға шақырамыз, – деді Ерлан Қойшыбаев.

Өзгелердің жаңалығы