Алматы маңында 5 балдық жер сілкінісі болды

14 Қаңтар 2023, 10:40
1123
Бөлісу:
Алматы маңында 5 балдық жер сілкінісі болды

13 қаңтар сағат 18:31 кезінде Алматыдан 226 шақырым қашықтықта жер сілкінді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 226 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орын алған. Жер сілкінісің MPV магнитудасы – 5.0.Тереңдігі – 10,1 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы