Алматы "қызыл аймақта". Кинотеатрлар жұмыс істей бастады

17 Сәуір 2021, 23:00
1794
Бөлісу:
Алматы "қызыл аймақта". Кинотеатрлар жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда кинотеатрлар жұмысын бастады. Бұл туралы Telegram-дағы «Бизнес Штаб Алматы» каналы жазды.

13 сәуірден бастап қаладағы кинотеатрлар «Ashyq» пилоттық жобасына қосылған. Қазіргі таңда аталған жобаға 5 кинотеатр қосылған. 

«Ashyq» мобильді қосымшасы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің мәртебесі анықталады. 17 сәуірде Алматы қаласы бойынша «қызыл» мәртебе 1 келушіден анықталған. Осыған байланысты, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Салтанат Лесбаева кинотеатрға келушілерден кіру және шығу кезінде кодты сканерлеуді ұмытпауды сұрады. 

Келушіде смартфон немесе қосымша болмаса, оны қосымшадағы «күзетші» функциясы арқылы кинотеатр қызметкері істей алады. Адамдардың мәртебесін тексермей, оларды кіргізбейміз. Бүгінде кинотеатрлардың толымдылығы 20%, - деді директор.

Айта кетейік, «Ashyq» пилоттық жобасы бойынша әрбір кәсіпкерлік субъектіге жеке QR-код беріледі. Келуші қосымшаны жүктеп алады, әрі QR-кодты сканерлеген кезде олардың мәртебесі анықталады. Мобильді қосымшада жеке тұлға үшін 4 мәртебе қарастырылған: қызыл, сары, көк және жасыл. 

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді;  

Сары қозғалысты ішінара шектеу керегін, ПТР дерекқорында науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген; 

Көк ПТР міндетті болатын жерлерден басқа орынға бара алатынын білдіреді; 

Жасыл түс қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін және бұл пайдаланушы дерекқорда COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адам ретінде көрсетеді «Ashyq» қосымшасын пайдалану кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық нормаларды сақтаудан босатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі коронавирус ахуалын анықтау матрицасында Алматы қаласы әлі де "қызыл аймақта" тұр.

Өзгелердің жаңалығы