Алматы көшелерін жөндеуге қанша теңге бөлінгені айтылды

9 Шілде 2023, 10:07
761
Бөлісу:
Алматы көшелерін жөндеуге қанша теңге бөлінгені айтылды
Фото: BAQ.KZ

Алматы қаласы әкімдігі қаладағы жолдарды жөндеуге қанша теңге бөлінгенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу жоспары 2022 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдіктері және тұрғындардың өтініштері бойынша қалыптасты. 

Қала бюджетінде биыл ұзындығы 200 шақырым 230 көшені жөндеуге 20 млрд теңге қарастырылған. 2022 жылы ұзындығы 189 шақырым 210 көшеге 17,5 млрд теңге соманы құрады. Бұл үшін аудандарға жалпы бюджеттен 500 млн теңге бөлінді, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бұл ретте ұқсас жұмыс түрлері мен құрылыс материалдарының сметалық құны былтырмен салыстырғанда орта есеппен 7-10%-ға өсті. Мысалы, ҚР аумағында қолданыстағы сметалық бағалар жинағына сәйкес 2022 жылы 1 т қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонның құны 18 781 теңгені, 2023 жылы 21 002 теңгені (+11%), 2022 жылы 1 т жол битумының құны 168 642 теңгені, 2023 жылы 175 315 теңгені (+4%) құрады), ауыр бетонның құны 2022 жылы 20227 теңге, 2023 жылы - 21863 теңге (+8%), жол жұмысшыларының жалақысы санатына байланысты орташа есеппен 2022 жылы бір адамға 1648 теңге, 2023 жылы - бір адамға 2063 теңге (+20%) құрады.

Жалпы, ағымдағы жөндеу жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ағымдағы 86%-дан 89%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы