Алматы күні мерекесінде 60-тан астам іс-шара өтеді

9 Қыркүйек 2019, 20:02
2896
Бөлісу:
Алматы күні мерекесінде 60-тан астам іс-шара өтеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала күнін мерекелеу аясында 67 іс-шара жоспарланған, оның ішінде жаңа нысандардың ашылуы, мәдени және спорттық шаралар, көрмелер, акциялар бар. Бұл туралы Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев брифинг кезінде айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, көбіне дәстүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Олар: «Көк-Төбе Опера» классикалық музыканың халықаралық фестивалі, «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы фестивалі, «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Алма-Ата — моя первая любовь» музыкалық ретро-фестивалі, «Алма Quest» масштабты қалалық квесті, «Гәкку дауысы» қазақстандық муыка фестивалі, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалі, «Aлма fest» қалалық дәстүрлі алма фестивалі.

«15 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында — масштабты қалалық «Алма Quest» квесті өтеді. Бұл жұмбақтар мен құпиялары, аңыздары мен тарихы бар көшелер мен аудандардағы нағыз саяхат. Алма Quest — екі кезеңге бөлінген қалалық іс-шара, мүмкіндігі мен уақытына байланысты іс-шараға барлығы қатыса алады. Тіркелу және алдын ала тестілеуден өту almаquest.kz сайтында, тестілеуден өту финалды ойында ұпай санын қосуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Қала күні аясында VI жылсайынғы «GAKKU Дауысы» қазақстандық эстрада фестивалі болады, ол 14 қыркүйекте «Астана» алаңында өтеді.

«7 күн үш негізгі алаңда 60-тан астам көрсетілімдер мен іс-шаралар өтеді. Almaty Film District Бизнес-форумы, онда киноиндустрия мэтрлерінің шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен Made in Almaty сценарийлерінің байқауы өтеді. Chaplin Cinemas кинотеатрларында жас жұлдыздар ТМД-дағы Уолт Дисней компаниясымен және Еуропалық балалар киносы қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған балалар мен отбасылық киноларға арналған бағдарламаның ашылуына орай қызыл кілеммен өтеді», - деді Е. Құрмашев.

Сонымен қатар ол, басты мерекелік іс-шара 15 қыркүйек күні Тұңғыш Президент саябағында өтетін қалалық «Aлма fest» алма фестивалі екенін жеткізді.

«Сағат 11:00 шамасында субұрқақтар аумағында орналасқан негізгі сахнада 40 минуттық ресми бөлім басталады. Фестиваль прологпен ашылады, ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің, Медеу Арынбаевтың, Мадина Садвақасованың, Ержан Максимнің, Нұржан Тәжікеновтің, «Vox Acapella», «Renzo», «Ayanat» топтарының, домбырашылар ансамблінің, аралас хордың, барабаншылардың қатысуымен «Алматы любит тебя / Алматы сені аңсайды» музыкалық-хореографиялық қойылымы көрсетіледі. Прологқа бір уақытта 500-ден астам адам қатысады», - деді ол.




Өзгелердің жаңалығы