Алматы индустриалды аймағында 783 жоба қолдау тапты

Бөлісу:
Алматы индустриалды аймағында 783 жоба қолдау тапты

Алматыдағы индустриалды аймақта биыл 14 жоба іске қосылатын болады. Соған орай 1500-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Онда шағын кәсіпкерлер үшін өндіріс алаңдарының құрылысы биыл басталатын болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Жыл басынан бері басым бағыттар бойынша жоспарланған 3 мың жобадан 783 жоба қолдау тапқан. Бұл туралы «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде атап өтті. 

Индустриялық аймақ қаланың басты өнеркәсіптік әлеуеті. Бүгінде жалпы сомасы 124 млрд млрд теңгені құрайтын 3314 жұмыс орны құрылды. Осы кезеңде компаниялар 1,1 трлн өнім өндірді. Сондай-ақ, 40 млрд теңгеге салық төленді. Алдағы уақытта іске қосылатын ең ауқымды жобалардың ішінде автокөлік шығарушы зауыт жұмысы болайын деп тұр. Мемлекет басшысы қараша айында бұл жобамен танысып кеткен болатын. Бұл Қытайлық мультибрендті автокөлік зауыты жылына шамамен 90.000 көлік шығаруды көздейді, – дейді «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев.

Еске салайық, факторингтік мәмілелерді қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірлесіп, қосымша 3 млрд теңге бөлінді. Шағын және орта бизнесті кредиттеу 59,6%-ке, сондай-ақ белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 38,6%-ке өсті.

Өзгелердің жаңалығы