Алматы хайуанаттар бағы: Арыстанға арналған душ, шимпанзеге балмұздақ

15 Шілде 2023, 13:13
1702
Бөлісу:
Алматы хайуанаттар бағы: Арыстанға арналған душ, шимпанзеге балмұздақ
Фото: Алматы хайуанаттар бағы

Алматыдағы аптап ыстық хайуанаттар бағындағы жануарларға да сезіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері жыртқыш аңдарға балмұздақ пен қауын-қарбыз беріп амалдап отыр. Ал ыстық температураға төзбейтін тау жырқыштарының қоршауына салқындатқыш орнатылған.

Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ, хауанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін сулар техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жердегі суларды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан суды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз, – дейді хайуанаттар бағының мамандары.

Айтуларынша, су құйылған ыдыстар сырттағы қоршауда тұрса ысып, бұзылып кетеді.

Алматы хайуанаттар бағы: Арыстанға арналған душ, шимпанзеге балмұздақ

Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейінде шомылғанды жақсы көреді. Ал, пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылған. Бізде Хайуанаттар бағына таңертеңгі уақытта және кешкі мезгілде келуге қолайлы. Зообақ таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, – дейді Алматы хайуанаттар бағы.

Еске салайық, Алматыда осыдан 40 жыл бұрынғы қапырық ауа райы қайта келіп, сынап бағаны +42 градусқа дейін жетті. «Қазгидромет» мамандары алдағы күндері елімізде ыстық әлі де сақталатынын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы