Алматылықтар "Фаризаны" тамашалай алады

4 Қыркүйек 2019, 21:50
1985
Бөлісу:
Алматылықтар "Фаризаны" тамашалай алады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 5-6 қыркүйегінде сағат 19:00-де Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “ФАРИЗА” спектаклінің премьерасы қойылады.  


Қазақ халқынның көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығы «Фариза» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады. Идея авторы және спетакльдің бас продюсері, мұнан өзге де  көптеген тың жобаларды (28-ші Халықаралық қысқы Универсиаданың (Алматы - 2017) ашылу және жабылу салтанатын, “Наурыз” халық мерекесіне арналған “Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел!” мюзиклін (2018), Жыл сайын өтетін «Star of Asia» (2017-2019) халықаралық музыка фестивалі т.б) дүниеге әкелген компания жетекшісі Айнұр Көпбасарова.


«А+А Idea Fabric» шығармашылық тобының спектакль қоюдағы мақсаты - елімізге танымал тұлғаларды  терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасына көрерменнің қызығушылығын арттыру. 

Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі - Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова жазып шықты. 


 Креативті  шығармашылық топтың дайындаған спектаклінің ерекшелігі:
- көрерменді сахнаға тарту әдістері
- заманауи технологиялық құрылғылар көмегімен дайындалған видеоконтент 
- дыбыс арқылы әсерлеу
-  образға сай декорация
 - сахна көңіл-күйіне сәйкес арнайы жазылған музыка, саундтрек 
- әртістердің киім үлгісінің талғаммен тігілуі. 
Пьеса қазақ тілінде қойылады, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады. 

Бас продюсер және идея авторы - Айнұр Көпбасарова.
Пьесаның авторы - Роза Мұқанова
Композиторы - Ренат Гайсин
Режиссері - Фархат Молдағали.

Басты рөлдерде: “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев.

Спектакль бойынша жұмыс істегендер: Шара Айдарова, Шынар Омарова, Қуаныш Орынбасаров, Айжан Құрманғалиева, Владимир Кошевой, Сандуғаш Әбдиева, Мәдина Баймағамбаева, Ақсұңқар Жарылқасова, Рауан Қайруллаева, Жұлдыз Қайыпова.

Өзгелердің жаңалығы