Алматы дәрігерлері ардагерлерді аралады

6 Мамыр 2023, 16:04
861
Бөлісу:
Алматы дәрігерлері ардагерлерді аралады
Фото: Almaty.tv

№16 қалалық емхананың бас дәрігері Ұлықбек Медеубеков бастаған емхана қызметкерлері Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында ардагерлердің үйіне барып, олардың денсаулықтарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Құрамында кардиолог, эндокринолог, хирург, офтальмолог, ЛОР дәрігері, маммолог және психолог сияқты жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен мамандандырылған қызметкерлер бар қалалық емханалардың көпсалалы бригадасы осы санаттағы ардагерлерге медициналық тексеру жүргізіп жатыр.

Үйме-үй аралау негізінде медициналық кеңес беру, науқастарды кәсіби құрал-жабдық арқылы толық тексеру, УЗИ, рентген, кардиография жасау, емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстары жасалып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы