Алматы әуежайында ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

Автотұрақ кеңейтіліп, қонақүй кешеніне арналған аумақ қарастырылуда.

 Алматы қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 11:16
Бүгiн 2026, 11:16
155
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Косе Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевқа әуе айлағын ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс бағдарламасы ішкі рейстерге арналған Т1 терминалын аралаудан басталды. Қазіргі таңда мұнда кешенді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Делегацияға жолаушыларды тіркеу және багаж беру аймақтарының жаңартылып жатқан бөлігі көрсетілді. Гөкер Косенің айтуынша, терминалды жаңарту жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар автотұрақ аумағын кеңейту және әуежай маңында қонақүй кешенін салуға арналған жер телімі бойынша жоспарлар таныстырылды.

Наверх