Алматы әуежайына 200 млн доллар инвестиция салынды

20 Ақпан 2024, 14:10
742
Бөлісу:
Алматы әуежайына 200 млн доллар инвестиция салынды
Фото: автордан

Бұл туралы халықаралық Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әуежай басшысының айтуынша, әуежайдың жаңа терминалы биыл маусым айында ашылады.

Халықаралық Алматы әуежайына 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Пандемияға дейін әуежайда орта жолаушылар ағыны 6,4 млн жолаушы болса, ал былтыр 2023 жылы 9,5 млн жолаушы тіркелді. Біз жаңа терминалды биыл 2024 жылдың маусым айында ашуды жоспарлап отырмыз. Екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа терминалдың құрылысы туралы сөз қозғаған болатын. Енді 2 жылдан кейін біз жаңа ғимаратты қолданысқа берейін деп жатырмыз. Жаңа терминал тек қана халықаралық ұшулар үшін қызмет көрсететін болады. Ал қазіргі қолданыстағы терминалды қайта жаңартамыз. Онда ішкі де, халықаралық та ұшу қызметі қолжетімді болады, – деді Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой.

Сондай-ақ әужай президенті Ерсой жаңа терминалда автоматтандырылған өз бетімен тіркелу орындары болатынын айтады.

Жолаушылар рейске тіркелетін 50 тіркеу орны қолжетімді болмақ. Оның біразы дәстүрлі түрде қызмет көрсетсе, қалғаны жеке өзі тіркелу орындары болады. Нақты айтқанда, 20 тіркеу орны ұшатын адамдарға, 32 орын ұшып келгендерге және 4 автоматтандырылған тіркеу орны болады. Пандемия өздігінен тіркелу орындарының маңыздылығын көрсетті. Паспорттық бақылау кезінде не рейске тіркелу кезінде ұзын-сонар кезек қалыптасып, адамдар жиі шағымданады. Сондықтан бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Жаңа терминал ұзын кезектерді біршама қысқартады деп сенеміз. Жаңа ғимарат ашылып, қазіргі ғимараттар жөндеуден өткен соң әуежай 14 миллион адамды қабылдай алатын болады, – деді Алматы әуежайының президенті.

Өзгелердің жаңалығы