Алматы әуежайы маңындағы жерлерге қатысты сот отырысы басталды

7 Қаңтар 2021, 02:15
1329
Бөлісу:
Алматы әуежайы маңындағы жерлерге қатысты сот отырысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайы маңындағы заңсыз сатылған жерлерге қатысты негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айыпталушылар қатарында бұған дейін мемлекеттік қызметте істеген 5 адам болса, одан өзге тағы бір риелтор бар. Оларға еліміздің Қылмыстық Кодексінің 308-бабы 4-тармағына сәйкес айып тағылды. Қамаудағы риелтор Нұрайым Алдаш әдеттегідей тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Ал үйқамақта отырған қалған 5 айыпталушы сот залына келді.

Осы тұста Нұрайым Алдаштың қорғаушысы судьяға қорғауындағы риелторды үйқамаққа ауыстыруды өтінгенмен, оның өтініші қанағаттандырылмаған.

Өзгелердің жаңалығы